Windows 8 — жоғары деңгейдегі қауіпсіздік

Операциялық жүйелер жаңарумен қоса, оның ішіндегі қауіпсіздік деңгейі де өсіп келуде. Дизайн және басқада керемет қосымшалардың өзгеруі әрине тамаша, алайда біздің ақпараттарымыздың қауіпті сақталуы өте маңызды. Сол себепті Microsoft компаниясының кезекті операциялық жүйесі, Windows 8-дің қауіпсіздік жағынан қандай жаңартулар бар екенін қарастырып өтейін.

Microsoft корпарациясының айтуы бойынша, Windows 8 операциялық жүйесінің қауіпсіздігі, алдыңғы нұсқаларына қарағанда, әлдеқайда жоғары деңгейде жасалынған. Арье Горецкий (Aryeh Goretsky), NOD32 антивирусның негізін қалаушы, Windows 8 бүгінгі таңда ең қауіпсіз ОЖ екенін айтты.

Сонымен, Windows 8 ОЖ - де қандай жаңартулар бар? Және шынымен ең қауіпсіз ОЖ атағына ие ме (Microsoft-тың басқа ОЖ арасында)? Осыған байланысты, еңгізілген жаңартуларды біртіндеп қарастырып шығайық.

1. Алдын ала орнатылған Windows Defender антивирусы

Windows қорғаушысының (Windows Defender) ең басты артықшылықтарының бірі, алдын ала, операциялқ жүйені орнатқаннан кейін, тегін қондырылады. Және басқа антивирустардан еш кемшіліг жоқ. Ең бастысы Windows defender жарнамалармен, басқа антивирусты сатып алуға және қолданушының рұқсатысыз артық әрекет жасауға тырыспайды. Осының арқасында, ақылы антивирус сатып алғысы келмейтіндер немесе сатып алуға мүмкінігі жоқ адамдар үлкен ықтималмен осы қорғаушыны қолданатын болар.

 

2. Windows SmartScreen - бағдарлама орнатар кездегі қорғаныс

SmarScreen қызметі өте оңай. Ғаламтордан жүктелген бағдарламаның тиісті сертификаты немесе ол бағдарлама жайлы ешқандай мәлімет болмаса Windows SmartScreen автоматты түрде бағдарламаның орнатуын тоқтатады, немесе администратор атымен орнатуды сұрайды. Ал ғаламторға қосылмаған жағдайда, тексерудің мүмкін емес екенін хабарлап, интернетке қосылуды сұрайды. Яғни барлық ақпарат Microsoft серверлері арқылы өтеді.

Windows SmartScreen-ге түзетулер енгізу үшін, Іздеу бөлімінде "SmarScreen" сөзін еңгізссеңіз болды. Ашылған терезенің ішінен өзіңіздің ыңғайыңызға байланысты өзгертулер еңгізсеңіз болады.

 

3. Буткиттерден қорғау

Windows 8 тек қана руткиттерден қорғап қана қоймай, сонымен қоса буткиттерден де қорғаныс береді. Оларды тауып және жою өте қиын. Бірақта, буткиттерден қорғау жаңартылымы тек тек қана 64-разрядтық жүйелерде орнатылатын болды.

 

4. ELAM (Early-Launch Anti-Malware) - Вирусқа қарсы бағдарламаны алдын-ала іске қосу

Windows 8 опреациялық жүйесінің қауіпсіздік жағынан тағы да бір жаңартылымы - вирусқа қарсы бағдарламаны алдын-ала іске қосу болып табылады. Бұл жаңартылым, антивирус бағдарлмаларының басқа бағдарламалардан бұрын іске қосылуын қамтамасыз етеді. ELAM жүйенің қауіпсіздігін алдын алуға мүмкіндік береді.

 

5. Кіру параметрлері

Енді Windows 8 ОЖ қолданушылары жүйеге кірудің жаңа параметрлерін қолдана алады. Ең бірінші, қарапайым құпия сөз арқылы кірсеңіз болады. Сонымен қоса, Майкрософт аккаунтыңызды қолданатын болсаңыз, жүйеге өзіңіздің аккаунтыңыздың логині мен құпия сөзін енгізу арқылы кіре аласыз. Және төмендегі суретте көрсетілгендей, әр-түрлі суреттерді қолданып өзіңізге ыңғайлы "жесттер" қолдансаңыз болады. Графикалық құпия сөз, жүйенің қауіпсіздіген арттыра түседі. Құпия сөздің бұл түрін сенсорлы экранмен және тышқанның көмегімен қолдануға мүмкіндік береді. Ал төртінші түрі, ПИН арқылы жүйені қолдану.

 

6. Windows 8-дегі Жанұялық қауіпсіздік

Тағы да бір өте маңызды жаңартылым - Жанұялық қауіпсіздік. Қазіргі таңда интернетте ата-аналардың басты мәселесі, баласының дұрыс контентті қолдануын реттеу болып табылады. Ата-ана бақылау жүйесі Windows 8 ОЖ-де жанұялық қауіпсіздік деген атқа ие болды. Қауіпсіздіктің бұл түрі баланың қандай контент көріп жатқанын басқаруға, Windows 8 дүкеніндегі бағдарламаларға шектеу қоюға, қолдануға белгілі бір уақыт қоюға және сайттарды фильтрға қоюға мүмкіндік береді.

Мысал ретінде, өзімнің Майкрософт аккаунтымды "балам" ретінде тіркедім.

Жоғарыдағы суретте көрсетілгендер:

 
  • Веб-сүзу. Балаңыздың белгіленген сайтқа кіргенін немесе кірмегенін бақылап отыратын бөлім.

 
  • Уақыт жағынан шектеу. Бұл аккаунт арқылы отырған қолданушының қай күндері, қай уақытта отыра алатынын басқаратын бөлім.

 
  • Windows дүкеніндегі ойындарға шектеу қою.

 
  • Копьютердегі бағдарламаларға шектеу қою.

Суреттерде көрсетілгендей, сіз өз балаңыздың компьютерді және интернетті дұрыс әрі тиімді қолдануын басқара аласыз. Жеке менің ойымша бұл жаңартылым өте маңызды. Себебі қазір интернетте кәмелетті жасқа толмағандарға зиянын тигізетін контент өте көп.

Microsoft корпорациясының кезекті операциялық жүйесінің қауіпсіздігі жағынан бүгіндікке оқырмандарға айтарым осы. Байқап отырсаңыздар өзгертулер аз емес. Және бұл өзгертулер жүйені алдыңғы нұсқаларымен салыстырғанда өте қауіпсіз қылады. Ал қауіпсіздік біздің ақпараттарымыздың ешқайда жоғалып кетпейтініне немесе вирустармен өшіріліп кетпейтініне кепіл береді. Microsoft бұл жаңартулармен тоқтап қана қоймай, әрқашан жаңартып, әлсіз жерлерін дұрыстап отыратыны мәлім.

(c) Alisher Toiguliyev, @toiguliyev

11 мая 2013, 23:53
11725

Комментарии

Рахмет! Жақсы ақпаратқа ие болдым. Әрдайы есімде жүретін болды. Табыс тілеймін!
t800
0
0
Керек емес, боқ жұйе.
Jahar
0
0
Жазылғандар толығымен рас. Ең қауіпсіз ОЖ.Жақсы пост екен.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания Microsoft Kazakhstan

Сотрудники:

niyazov
Acebyte
toiguliyev
anazarkasimova
Melody

Поклонники (69):

FrozenKing
KanatGailimov
megido
smerch
Azatovkz
Tengry
morushka_m
ibaga
unihost
drugoi
berikus
zhomart
aminautegenova
daMMned
Sempai
svant
N_Lil
Shezik_89
Stark
aidoseg
toiguliyev
LoArty
petrkz
kipshakbayev
Baurzhan13
sandibek
usertw936498558
TimAssylbekov
ZarinaUK
uservk129989934
niyazov
ProstoStalker
usermail3816627477112387421
Samson
Gennadiy-Islamov
Shapagat9
deviant
Secterts
sakhmetz
WooMeeKee
B-k
Kitazz
kart
Jahar
elyamel
janka_u
nurik_nt
Miomoto
shynar1991
Rake017
potrebitelkz
konurov
mussatayeva
SKYFALL
azamat-muratov
user100003699656719
sxodim
s8vx
aselju
yuliya1987
kz_iceiceice
it_journalist_sdu
aynash
SovetVeteranov
medinarebrova
msh
Milinka
miraman
AYACOM