Windows 8 интерфейсі. «Модерн» стиль!

Бұл ОЖ-нің (Операциялық жүйе) тарихы жайлы жазбай-ақ қояйын. Себебі ғаламторда бұл тақырыпқа арналған мақалалар өте көп. Бірден ең қызықты жеріне, интерфейсіне көшейін. Windows 8 атына ие болған ОЖ қандай екен? Жаңа және жақсы Операциялық жүйе деп айтуға тұрарлық па? Microsoft корпорациясының жаңа өнімі, Windows 8 операциялық жүйесінің интерфейсін толық қарастырып шығайық.

Жүйелік талаптары

Ең бірінші, бастамастан бұрын, міндетті түрде жүйелік талаптарын қарастырып шығайық. Алдыңғы нұсқасымен (Windows 7) салыстырғанда өзгешелік жоқ.

Процессор: 1ГГц.

Жедел жады: 1Гбайт - 32 биттік, 2 Гбайт - 64 биттік жүйе үшін.

Жад: 20 Гбайт бос орын.

Бірақ жұмыс істеу жылдамдығы әлдеқайда жоғарылаған. Мүмкін, бұл нәтижеге, Windows Aero қосымшасын алып тастау арқылы жеткен болар

Тест жасалынған өнім:

Lenovo компаниясының ноутбугі.

Енді ақырындап өзіміздің бастапқы тақырыбымызға - интерфейске көшейік. Windows 8 ОЖ-де көптеген жаңа қосымшалар мен қызықты бағдарламалар пайда болғаны барлығымызға мәлім. Бұл жаңартулар бойынша, бүгінгі өнімді толық қанды жаңа операциялық жүйе деп атай аламыз.

Төменде скриншоттермен және астында соған байланысты сипаттамаларын жазып отырамын.


Ал ендеше, кеттік...

Модерн стиль дегеніміз не?

Бұл стиль минимализммен жасалынған, ешқандай артық анимация, ешқандай градиент,  жұмыр бұрыш барлығын қолданбаған. Дәл осы минимализм бұл стильді сымбатты әрі әдемі, қарапайым, басты ақпаратты оңай қабылдайтын қылып тұр.

Алып, адамдардың ақпаратты қабылдауына байланысы өзінің көзқарасын өзгерткен секілді. Стиль ең алғаш Windows Phone 7 ОЖ-де пайда болды. Содан бастап Microsoft барлық өнімдерге арналған операциялық жүйелерінің стилін біріктіруін бастады. Ал қазір мен дәл осы стильді өзімнің ноутбугімде қолданып отырмын. Және менің ойымша бұл, корпарация жақтан, өте орынды шешім болды.

Бұл стильдің тағы да бір артықшылығы, элементтердің векторлы жолмен салынуы. Бұлай жасалынғаны, бізге өте үлкен кеңейтілімде, сәйкесінше, өте жоғары сапа бере алады. Экранның кеңейтілімі үлкейген сайын, элементтер де үлкейіп отырады.

Суретте, жүйе қандай өнімдерде орнатылатынын көруге болады. Экраны 10.1 дюймдік планшеттерден бастап, диагоналі 27 дюймдік дербес компьютерлердің мониторында да орнатылады.

 

Windows 8 Интерфейсі

Қосылғаннан кейін, Windows 8 бізді дәл осылай күтіп алады. Плиткалар, шаршылар және тіктөртбұрыштар. Осы кереметтің барлығы "Пуск" батырмасының орнына. Солай, енді біз үйреніп қалған "Пуск" және гаджеттер мен виджеттер жоқ. Мүмкін виджеттер мен гаджеттердің орнына "маркеттегі" бағдарламалар келетін болар.

 

Толық тізімді көру үшін, оң жақ төмендегі "-" батырмасын бассаңыз жеткілікті.

 

Басты бетке түзетулер енгізу үшін ("Пуск" мәзірі) кез келген жерден тышқанның оң жақ батырмасын бассаңыз арнайы мәзір шығады. Ал тайлдарды өзгерту үшін, дәл соны тәйладардың үстіне басу арқылы қайталап шығасыз.

 

Барлық бағдарламаларды ашу үшін, бастапқы мәзірде (Пуск), бос жерде тышқанның оң жағын басып "Все приложения" батырмасын басасыз.

 

Немесе "Іздеу" функциясын қолданыңыз. Ал "Іздеу" функциясын ашу үшін, тышқанның тінтуірін экранның оң жақ жоғарғы бұрышы немесе төменгі бұрышына тақаңыз. Дәл осы кезде, жаңа қосымша, Charms панелі ашылады. Charms 5 батырмамен жабдықталған: Іздеу (Поиск), "Общий доступ", Пуск, Қондырғылар, Түзетулер. Арасында ең түсінікті және ең пайдалысы "Іздеу" функцясы. Дәл осы батырмаға басу арқылы, іздеген бағдарламаңызды таба аласыз.

 

Windows 8 стандартты бағдарламалары

Қазіргі таңда, стандартты бағдарламалары айтарлықтай көп емес. Ал алдын ала орнатылғандар саны шамамен 10. Бұл бағдарламалардың барлығы жинақтамамен бірге жүреді, және интернет дүкенінен тегін жүктеп алуға болады. Менің ойымша алдыда бұл платформаға әлі талай бағдарламалар жазылады.

Бағдарламаларды қолданып бастамастан бұрын, ОЖ сізді өз аккаунтыңызбен кіруіңізді сұрайды.

Менің дайын аккаунтым болмағандықтан, мен тез тіркелу барысынан өттім. Ал егер сізде Microsoft аккаунтыңыз болса, жай ғана Логин мен Құпия сөз жазсаңыз жеткілікті.

 

1. Күнтізбе (Календарь)

Күнтізбенің басты беті осылай жасалынған. Әр ұяшыққа басу арқылы "еске салу" және тағы басқа өзіңізге қажетті заттарды ашсаңыз болады.

 

Ол шамамен былай жасалынады. Меніңше түсіндіруді қажет етпейді, барлығы түсінкті және оңай.

 

2. Пошта (Почта)

Пошта бағдарламасы өте оңай жасалынған. Өзіңіздің керекті сервисіңізді жалғау арқылы, минимализмнен ләззат алсаңыз болады. Скриншотте көріп тұрғаныңыздай, бірнеше пошта сервистерінің аккаунттарын қосуға мүмкідік бар. Мысалы: Google, Outlook, Hotmail, Yahoo және т.б.

 

3. Ауа-Райы

Бұл бағдарлама маған қатты ұнады, әсірезе дизайн және функционалдығы жағынан. Ең алғаш кірген кезіңізде, сізден қалаңызда таңдауыңызды сұрайды. Ал ауа-райы жайлы ақпаратты алу үшін, интернетке қосулы болуыңыз керек.

 

4. Windows Дүкен

Windows Дүкен - ОЖ-нің жаңа отбасына арналған бағдарламалар дүкені. Алайда бұл идея жаңалық емес. Себебі 2011 жылдың басында-ақ Mac OS X 10.6 өзінің қолданушыларына ұқсас сервис жасаған болатын.

Ал бағдарламалар өте оңай және тез орнатылады.

 

Windows 8 түзетулері

"Charms" мәзірі арқылы кіруге болатын "Түзетулер" бөлімі өте қарапайым. Себебі бұл жерде аса көп түзетулер еңгізе алмайсыз. Скриншотта көрсетілгендей аккаунарыңызды, хабарландырулар, "персонализация" бөлімін және т.б. түзетулер енгізе аласыздар.

 

Snap Функциясы.

Экран кеңейтілімі 1366х768 - ден артық өнімдерде жаңа функция қолдануға мүмкіндік бар. Оның атауы - Snap

Бұл функция экранды 2 бөлікке бөлу үшін арналған. Бір шетінде Модерн бағдарламасы ал екінші шетінде қарапайым немесе екі жағында да Модерн бағдарламалар бола алады. Тышқан тінтуірін оң жақ жоғарғы немесе төменгі бөлігіне жақындатым, алдыңғы ашылған бағдарламаны "тартып" алып, оң жоқ немесе сол жақ бөлігіне орнатып қойсаңыз болады.

Экран шамамен 1:4 қатынаста бөлінеді. Және де ортадағы жолақ арқылы қайсысы маңыздырақ соны үлкен қылып қоя аласыз.

Snap функциясы экранды екіге бөлу арқылы, жұмыс процесін оңай әрі ыңғайлы қылады.

 

Классикалық интерфейс

Классикалық интерфейсті алып тастаса бәрі құлайтын ба еді? Себебі барлық бағдарламаларды жаңа стиль арқылы басқару ыңғайсыздық тудырады, әрі толық қанды жұмыс үстеліне жеткіліксіз.

Жұмыс үстелінде өзгеріс өте аз. Windows 7 ОЖ-дегі барлық функция сақталған. Ең басты өзгешелік "Пуск" батырмасының жоқтығы. Бұл жаңалық біраз адамға ұнамады, ал қалғандары қалай болды солай қабылдауға бел буды. Бірақта ғаламторда ол батырманы қайтадан орнына келтіру үшін біраз бағдарлама бар. Соның бірі: Classic Shell.

 

Маңызды Пернелер (Горячие Клавиши)

Классикалық жұмыс үстелінің қолданушылары үшін арнайы пернелер жинағы бар. Оларды басу арқылы бірнеше "операцияларды" тез жасауға болады.

 

Charms панелі:

1) Win + C – Charms панелін шақыру;

2) Win + Q – толық іздеу;

3) Win + H – Бөлісу функциясы;

4) Win + K – Қондырғыларды басқару;

5) Win + I – Түзетулер.

 

Іздеу:

1) Win + Q – Бағдарламалар арасынан іздеу;

2) Win + W – Түзетулер арасынан іздеу;

3) Win + F – Файлар арасынан іздеу.

 

Басқалары:

1) Win + D – Қарапайым жұмыс үстелін шақыру;

2) Win + L – Экранды құлыптау;

3) Win + Print Screen – Экранды скриншотқа түсіріп PNG форматтағы бейнені "Суреттер" мұқабасына сақтайды;

4) Win + Tab – Алдында ашылған бағдарламаларға ауысады;

5) Alt + Tab – Ашық тұрған бағдарламалар арасынан ауысу;

6) Win + Z – Төменгі бөліктен түзетулер панелін ашады, тышқанның оң жақ батырмасы функциясына типтес;

7) Win + -/+ - Ауқымды үлкейтіп, кішірейтеді;

8) Ctrl + -/+ - Modern режімінде алыстатып, жақындатады;

9) Ctrl + Alt + Del – Қолданушыны ауыстыру немесе қосумша түзетулер;

10) Alt + F4 – бағдарламаларды жабады.

Надеемся, это будет полезно для вас и немного упростит работу Windows 8.

Бұл ақпарат пайдалы болады деп және Windows 8 ОЖ-де жұмысты оңайлатады деп үміттенемін.

 

Бүгінге осымен аяқтайын. Келесі посттарда тереңіреқ қазып біраз функцианалдық жағын және де басқа да қызықты жақтарын қарастырып жазамын. Егер сұрақтарыңыз болса пікірде қалдыруды ұмытпаңыз!

(c) Toiguliyev Alisher

4 апреля 2013, 5:26
5166

Комментарии

ibaga
0
0
маған метро стайл соншалықты ұнағаны, кезінде тауып алып, орнатқан iOS қосымшасы: itunes.apple.com
Келесi жаңартылымда Пуск батырмасы өзінің "жайлы" орнына оралады) alfa.kz/node/1919
мынау жақсы жаңалық екен))
жақсы екен, бір танысымнан көріп, мүлде түсінбей қойғанмын 8-ді) бірақ оған да үйреніп кететін шығармыз. Егер жүйелік талаптарында аса өзгешелік болмаса, онда үйдегі компьютерді 8-ге ауыстырсам ба жоқ па?)
7 жақсы жұмыс жасап тұрса, асықпай ойланыңыз)
Windows 8 бір көргеннен ұнамады, тым ыңғайсыз. Windows Blue қашан шығады екен..
Blue осы жазда шығу керек
Этот стиль - не модерн. Это мондриановский плакатный
так же называют "Метро"
Stark
0
0
уже нет. просто windows UI
красавчик растешь!
Я себе поставил на Lenovo Z580 но оказались большие проблемы с совместимостью, перестал работать WiFi, проблема не решается совсем, все перепробывал. Теперь перееду опять на 7ку... Жаль мне так понравился Метро стиль
Modern UI'нын казакшасы бар гой.
kasse
0
0
Прикол, статья на казахском а интерфейс на русском)) на казахский не хотят переводить видимо смысла нет((
Уже переведен интерфейс. Просто автор не в курсе.
yvision.kz - спасибо! Теперь буду иметь ввиду

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания Microsoft Kazakhstan

Сотрудники:

niyazov
Acebyte
toiguliyev
anazarkasimova
Melody

Поклонники (69):

FrozenKing
KanatGailimov
megido
smerch
Azatovkz
Tengry
morushka_m
ibaga
unihost
drugoi
berikus
zhomart
aminautegenova
daMMned
Sempai
svant
N_Lil
Shezik_89
Stark
aidoseg
toiguliyev
LoArty
petrkz
kipshakbayev
Baurzhan13
sandibek
usertw936498558
TimAssylbekov
ZarinaUK
uservk129989934
niyazov
ProstoStalker
usermail3816627477112387421
Samson
Gennadiy-Islamov
Shapagat9
deviant
Secterts
sakhmetz
WooMeeKee
B-k
Kitazz
kart
Jahar
elyamel
janka_u
nurik_nt
Miomoto
shynar1991
Rake017
potrebitelkz
konurov
mussatayeva
SKYFALL
azamat-muratov
user100003699656719
sxodim
s8vx
aselju
yuliya1987
kz_iceiceice
it_journalist_sdu
aynash
SovetVeteranov
medinarebrova
msh
Milinka
miraman
AYACOM